23.02.2021 ж. Алматы қ. ДСБ ШЖҚ «Жоғары медициналық колледжі» КМК 1-наурыз Алғыс айту күніне орай «Шын жүректен алғыс айтамын» атты мерекелік іс-шара өткізілді.
Оқытушылар Жумабаева А. А., Әбдірәсіл А. Н. Және Студенттік кеңес ұйымдастырған бұл концерттік бағдарламаға 1-3 курс студенттері өте белсенді қатысты. Олар өз өнерлерін көрсетіп, өлең айтып, би билеп, өлең оқып, өз алғыстарын білдірді.
Концерттік бағдарламаның мақсаты білім алушылардың жанұяға, ата — анаға, үлкен — кішіге деген сүйіспеншілігін, сыпайылық қарым — қатынастарын дамыту; Ризашылық пен алғыс, жақсы тілек, ізеттілік туралы түсінік беру, бір — бірімен үйлесімді қарым — қатынас жасай білуге үйрету; Білім алушылардың этносаралық және мәдениетаралық байланыс жағдайларында тағаттылығы мен қарым — қатынас жасау біліктілігін дамыту.