kkruen
info@vmkalmaty.kz +7 (727) 387-10-11

Колледждің Психологиялық қызметі

Егер сіз қолдау мен көмекті қажет етсеңіз – колледжде қабылдау жүргізетін педагогтар, психологтар.

 

Мұнда сіз төмендегідей көмек түрлерін ала аласыз:
  • Психологпен әңгімелесіп, жеке кеңес алу
  • Психологиялық диагностика әдістері арқылы өзінің ішкі әлемін тану
  • Сізді қызықтыратын тақырыптар бойынша тренингтерге жазылу
  • Сізді қызықтыратын тақырыптар бойынша пайдалы психологиялық ақпарат алу
Біздің жұмысымыздың принциптері:

бұл құпиялылық пен еріктілік. ЖМК-да білім беру үрдісінің қатысушыларына барлық психологиялық көмек тегін көрсетіледі.

Жұмыстың негізгі түрлері:

жеке консультациялар (бір кездесудің ұзақтығы 40-50 минут), -диагностикалау, тренинг элементтері бар топтық сабақтар, шағын-дәрістер.

Психологқа қай мәселе бойынша жиі жүгінеді?
  • Егер сіз өзіңіз туралы көбірек білгіңіз келсе, мамандықты таңдаудың дұрыстығына көз жеткізгіңіз келсе;
  • Егер сіз өз өміріңіздің сапасын жақсартып, басқа адамдармен қарым-қатынас орнатқыңыз келсе;
  • Егер сіз қиын өмірлік жағдайға тап болсаңыз және оның шығу жолын табу қиындық тудырса;
  • Егер сіз студенттік өмірге бейімделуде қиындықтарға тап болсаңыз;
  • Егер сіз өзіңізді бағалауды арттырып, өзіңізге сенімді болғыңыз келсе;
  • Егер сіз жақын адамыңыздың жоғалуын бастан кешсеңіз;
  • Егер сіз өз өміріңізде «өтпелі» кезеңді бастан кешсеңіз және оны дағдарыстық жағдай ретінде бағаласаңыз;
  • Егер сіз саналы және сапалы өмір сүруді үйренгіңіз келсе;
  • Егер сіз өз денсаулығыңызды жақсартып, психологиялық жағдайыңызды үйлестіргіңіз келсе.

Біз Сіздермен кездесуге қуаныштымыз!

Психолог кабинеті колледжіміздің 2 қабаты, 209 кабинетінде орналасқан.
Дүйсенбі-жұма 9:00-ден 18:00-ге дейін