kkru
info@vmkalmaty.kz +7 (727) 387-10-11

Мемлекеттік органдардың қызметін үйлестіру жөніндегі ведомствоаралық штаб мүшелерінің қатысуымен кездесу

2025 жылғы 10 қазанда Алматы қ. ҚДСБ ШЖҚ «Жоғары медициналық колледжі» КМК-да 1-курс студенттерімен Алматы қаласы Медеу ауданы бойынша мемлекеттік органдардың қызметін үйлестіру жөніндегі ведомствоаралық штаб мүшелерінің қатысуымен кездесу өтті.

Кездесудің мақсаты:
– Нашақорлықтан сақтану, салауатты өмір салтының құндылықтарын дамыту;
– Жастардың есірткі сақтау мен тарату мәселелері бойынша құқықтық сауаттылығын арттыру;
– Студенттер арасында жауапкершілік пен заңға бағынатын мінез-құлықты қалыптастыру.

Кездесуге қатысқан қонақтар:

• Камалов Б.К. – «Белсенді ұзақ өмір сүру орталығы» жобасының үйлестірушісі.
• Нағашбеков А.М. – Медеу ауданы полиция басқармасы бастығының орынбасары, полиция майоры.
• Нургалиева А.М. – Медеу ауданынын ПБ ЮПБ бастыгы, полиция майоры.
• Жеделов А.Қ. – «Бала құқықтарын қорғау орталығы» директорының орынбасары.

Студенттерге мына тақырыптар бойынша бейнероликтер көрсетілді:
– Есірткі заттарының адам ағзасына әсері, тәуелділіктің қалыптасу кезеңдері және оның ауыр салдары туралы;
– Есірткі құралдарын, психотроптық заттарды немесе олардың баламаларын заңсыз дайындау, өңдеу, сатып алу, сақтау, тасымалдау, жөнелту не өткізу мақсатында әрекеттер жасағаны үшін қылмыстық жауапкершілік туралы.

Қонақтар сондай-ақ кәмелетке толмағандардың:
– түнгі уақытта заңды өкілінсіз жүруі;
– мас күйінде қоғамдық орындарда болуы;
– электрсамокатпен бір немесе бірнеше жолаушыны тасымалдауы және басқа да құқық бұзушылықтары үшін әкімшілік жауапкершілік туралы да түсіндірме жүргізді.

Осындай іс-шаралар – жастардың өмірге деген жауапкершілігін арттырып, дені сау, саналы ұрпақ тәрбиелеуге бағытталған маңызды қадам болып табылады.