2025 жылдың 16 қыркүйегінде Алматы қ. ҚДСБ ШЖҚ «Жоғары медициналық колледжі» КМК-да 1, 2 және 3 курс студенттері арасында «Мерейлі отбасы» атты композициялар байқауы өткізілді.
Байқаудың мақсаты: шығармашылық қабілеттерді дамыту; отбасылық құндылықтарды насихаттау, табиғи материалдарды пайдалану арқылы экологиялық мәдениетті қалыптастыру.
Композициялар байқауының басты шарты – экологиялық таза табиғи материалдарды қолдану болды.
Студенттер байқауға үлкен қызығушылықпен және шығармашылық ынтамен дайындалды. Жұмыстарында ағаш жапырақтары, көкөністер, жармалар, өсімдік тұқымдары, тастар және тағы да басқа табиғи материалдар қолданылды.
Байқау қорытындысы бойынша қазылар алқасы үздік жұмыстарды атап өтті:
1 орын – «МІ 25-20» тобы.
2 орын – «МІ 25-10» тобы.
3 орын – «СД 25-15» тобы.
Арнайы номинациялар:
«Үздік ұжымдық жұмыс» – «Лаб 25-16» тобы.
«Көрермен көзайымы» – «Лаб 25-16» тобы.
«Жас шеберлер» – «СД 25-14» тобы.
«Жасыл әлем» – «СД 24-13» тобы.
«Эко-идея» – «СД 25-15» тобы.
Барлық жүлделі орын иегерлерін, номинация жеңімпаздарын және байқауға қатысқан барлық студенттерді шын жүректен құттықтаймыз! Бұл байқау студенттеріміздің шығармашылығы мен креативті ойлау қабілеттерін тағы бір мәрте дәлелдеді.