kkru
info@vmkalmaty.kz +7 (727) 387-10-11

«Мемлекеттік рәміздер – ұлттық мақтаныш!» тақырыбында кураторлық сағаттар

2025 жылғы 2 маусымда ҚР Мемлекеттік рәміздер күніне арналған іс-шара аясында Алматы қ. ҚДСБ ШЖҚ «Жоғары медициналық колледжі» КМК-да 1–2 курс студенттері арасында «Мемлекеттік рәміздер – ұлттық мақтаныш!» тақырыбында кураторлық сағаттар өтті.

Мақсаты: жастар арасында мемлекеттік рәміздерді насихаттау, патриоттық және адамгершілік тәрбие беру.

Қазақстан Республикасының Туы, Елтаңбасы және Әнұраны – мемлекеттің саяси және қоғамдық құрылымын сипаттайтын, оның ұлттық рухын бейнелейтін маңызды нышандар. Бұл рәміздердің геральдикасында көшпелі халықтың тарихы мен құндылықтары көрініс тапқан.

Кураторлық сағаттар ҚР Мемлекеттік Әнұранын орындаудан басталды. Студенттер баяндамалар жасап, мемлекеттік рәміздердің шығу тарихы мен маңызын ашып көрсетті. Мысалы, Қазақстанның мемлекеттік туының авторы – қазақстандық суретші Шәкен Ниязбеков. Оның жұмысы 1992 жылы өткен байқау нәтижесінде таңдалды. Бұл байқауға Германия, Түркия, Моңғолия және ТМД елдерінің өкілдері қатысқан. Қазақстан туы – елдің бірлігі, бақуаттылығы, бейбіт өмірі мен ашық аспанын бейнелейді.

Кураторлық сағаттар аясында студенттер зияткерлік викториналарға қатысып, өлеңдер оқып, күйлер орындады және басқа да шаралар өткізілді.

Сіздерді келе жатқан ҚР Мемлекеттік рәміздер күнімен шын жүректен құттықтаймыз!