kkru
info@vmkalmaty.kz +7 (727) 387-10-11

«Қасіретті жылдар жаңғырығы» тақырыбында ашық тәрбие сағаты

30 мамыр 2025 жылы Алматы қ. ҚДСБ ШЖҚ «Жоғары медициналық колледжі» КМК — да саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне арналған «Қасіретті жылдар жаңғырығы» тақырыбында ашық тәрбие сағаты өткізілді.

Жыл сайын 31 мамырда Қазақстанда саяси қуғын — сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні атап өтіледі. Бұл күн ХХ ғасырдың 20-50 жылдарындағы тарихи шежіренің ең ауыр беттерінің біріне арналған. 100 мыңнан астам қазақстандық қуғын-сүргіннің құрбаны болды, олардың 25 мыңнан астамы атылды. Жазықсыз сотталғандардың қатарында А. Бөкейханов, М. Дулатов, М. Жұмабаев, С. Сейфуллин және І. Жансүгіров сияқты көрнекті мемлекет және саяси қайраткерлер бар.

Тәрбие сағатына білімгерлер Қазақ КСР саяси қуғын — сүргіннің тарихи фактілері туралы баяндамалар, 1931-1933 жылдардағы ашаршылық құрбандарының саны туралы сарапшылардың бағалауы, сол кездегі түзеу-еңбек лагерлері КАРЛАГ пен АЛЖИР туралы презентациялар, «Алаш» партиясының зиялы қауымы туралы театрландырылған қойылым, өлеңдер оқып және т. б. дайындады.

Іс-шараны дайындауға №1 «Жалпы гуманитарлық пәндер» ЦӘК оқытушылары К.Д. Абдрахманова мен И. Т. Садықованың жетекшілігімен «ЕІ 24-3», «ЛД 24-2», «ЛД 24-02» «Емдеу ісі» және «СД 24-13», «СД 24-14» «Мейіргер ісі» бөлімдерінің студенттері белсенді қатысты.

31 мамыр, бұл күні әрқайсымыз өткен ғасырдың ең қатал трагедияларының бірінде жазықсыз зардап шеккендердің барлығын құрметтеуіміз керек.