2025 жылғы 28 мамырда Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күніне орай Алматы қ. ҚДСБ ШЖҚ «Жоғары медициналық колледжі» КМК-да 1 курс студенттері арасында дебат өтті.
Дебат тақырыбы – Қазақстан Республикасының жалпы білім беретін мектептерінде мемлекеттік рәміздерді оқыту пәнін енгізу мәселесі болды.
Дебаттар мемлекеттік және орыс тілдерінде жүргізіліп, студенттер өздерінің дәлелді пікірлерін білдіріп, статистикалық деректермен бөлісті.
Мемлекеттік рәміздерді білу тек Ту, Елтаңба авторларын немесе Әнұран мәтіні мен авторларын білумен шектелмейді. Мысалы, төмендегідей нақты регламенттелген ережелер бар:
— Қазақстан Республикасының мемлекеттік Әнұранын пайдалану және орындау тәртібі;
— Мемлекеттік Туды пайдалану тәртібі;
— Мемлекеттік Елтаңбаны пайдалану тәртібі.
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері туралы» Конституциялық заңына сәйкес, мемлекеттік рәміздерді заңсыз дайындағаны, қорлағаны үшін әкімшілік жауапкершілік қарастырылған.
Мемлекеттік тілде өткен дебат қорытындысы бойынша қазылар алқасы келесі жеңімпаздарды анықтады:
I орын – Денисқызы Аружан («МІ 24-12» тобы, «Мейіргер ісі» бөлімі); Кенжетай Каусар («МІ 24-10» тобы, «Мейіргер ісі» бөлімі);
II орын – Мауленқызы Мерей және Бахытұлы Динмұхаммед («ЕІ 24-1» тобы, «Емдеу ісі» бөлімі).
Орыс тілінде өткен дебат қорытындысы бойынша қазылар алқасы жүлделі орындарды келесідей бөлді:
I орын – Байжомарт Жанселя және Какеева Робина («ЛД 24-2» тобы, «Емдеу ісі» бөлімі);
II орын – Юсупова Медина және Саяхипова Аружан («СД 24-13» тобы, «Мейіргер ісі» бөлімі).
Өткізілген іс-шара студенттердің сыни ойлауын дамытуға тамаша мүмкіндік болды. Барлық қатысушыларға белсенділіктері үшін алғысымызды білдіреміз! Дебат клубында келесі кездескенше!