15.05.2025 ж. Алматы қ. ҚДСБ ШЖҚ «Жоғары медициналық колледжі» КМК-да «Vokal» клубының «Жүректен жүрекке» атты дәстүрлі есеп беру концерті өтті.
«Vokal» клубы оқу жылы барысында колледжде өткізілетін барлық іс-шараларға белсене қатысып, тың шығармашылық бағыттарды ұсынып, жарқын өнер көрсетеді.
«Vokal» клубының мүшелері жыл бойы колледжде өткізілетін барлық іс – шараларға белсенді қатысады. Ұлттық, патриоттық әндерін, қазақстандық және шетелдік эстраданың заманауи әндерін түрлі бағыттағы жаңа музыкалық шығармаларды ұсынады.
Студенттік кеңес қызметіндегі клубтың мақсаты – студенттердің шығармашылық қабілеттерін дамыту, музыкалық талғамын қалыптастыру және колледждің мәдени өміріне белсенді қатысуға ынталандыру болып табылады.
Бұл шара клубтың оқу жылындағы шығармашылық жұмысының жарқын қорытындысы болды. Бағдарламада жеке және топтық вокалдық номерлер орындалып, түрлі музыкалық жанрлар мен тақырыптарды қамтыды. Концерт студенттерді, оқытушыларды және колледж қонақтарын біріктіріп, жылы әрі шынайы атмосфера сыйлады.
«Жүректен жүрекке» атауы – орындау шынайылығын және қатысушылардың өз эмоцияларын көрермендермен бөлісуге деген ұмтылысын білдірді.