2025 жылғы 3–11 мамыр аралығында Үндістанның Дели қаласында қол күрестен Азия чемпионаты өтті. Аталған жарысқа Алматы қ. ҚДСБ ШЖҚ «Жоғары медициналық колледжі» КМК-ның «Мейіргер ісі» мамандығы «МІ 24-8» тобының студенті Нүкен Аиша қатысты.
Чемпионатқа 10-нан астам елден 300-ден аса спортшы қатысты. Нүкен Аиша 60 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсетті. Оқу орнындағы оның дене шынықтыру бойынша жаттықтырушысы – «Жалпы гуманитарлық пәндер» № 1 ЦӘК дене тәрбиесі пәнінің оқытушысы Кази Аманбек болды.
Жаттығуға деген табандылығы мен қайсар мінезінің арқасында студентіміз чемпионаттың финалына дейін жетіп, күміс медаль иеленді!
Нүкен Аиша — қол күрестен халықаралық және республикалық жарыстардың бірнеше мәрте жеңімпазы және жүлдегері, Қазақстан Республикасының спорт шебері.
Колледж әкімшілігі, оқытушылар мен студенттер атынан Нүкен Аишаны қол күрестен Азия чемпионатында күміс медаль жеңіп алуымен шын жүректен құттықтаймыз! Оған алдағы уақытта жаңа жетістіктер, мықты денсаулық және оқуда табыс тілейміз!