kkru
info@vmkalmaty.kz +7 (727) 387-10-11

“Адалдық – ардың ісі” тақырыбында плакаттар байқауы

2025 жылдың 16 мамырында “Sanaly Urpaq” студенттік сыбайлас жемқорлыққа қарсы клубының іс — шаралар жоспары аясында Алматы қ. ҚДCБ ШЖҚ “Жоғары медициналық колледжі” КМК-да 1-2 курс студенттері арасында “Адалдық – ардың ісі” тақырыбында плакаттар байқауы өткізілді.

Мақсаты: сыбайлас жемқорлыққа қарсы дүниетанымды қалыптастыру, сыбайлас жемқорлықтың кез келген көріністеріне теріс көзқарасты тәрбиелеу.

Плакаттар байқауының қорытындысы бойынша қазылар алқасы үздік жұмыстарды атап өтті:
🥇 I орын — “Емдеу ісі” бөлімшесінің “ЕІ 24-5” және “ЛД 24-2” топтарының студенттері;
🥈 II орын — “Мейіргер ісі” бөлімшесінің “МІ 24-8” тобы;
🥉 III орын — “Мейіргер ісі” бөлімшесінің “МІ 24-10” тобы.

Біз жеңімпаздарды құттықтаймыз және барлық қатысушыларға көрсеткен белсенділіктері үшін алғыс айтамыз! Мұндай байқаулар студенттерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес сияқты маңызды және өзекті мәселелерге бой алдыруға көмектеседі.