kkru
info@vmkalmaty.kz +7 (727) 387-10-11

Халықаралық мейіргер күніне және Аналар күніне арналған іс-шара

12.05.2025 ж. Алматы қ. ҚДСБ ШЖҚ “Жоғары медициналық колледжі” КМК-да Халықаралық мейіргер күніне және Аналар күніне арналған іс-шара өтті.

№ 5 “Мейіргер ісі” ЦӘК оқытушыларының жетекшілігімен 1,2,3 курс студенттері қызықты бағдарлама дайындады: жүргізушілер Халықаралық мейірбике күнінің пайда болу тарихы және 2023 жылдан бастап Қазақстанда атап өтілетін мереке – аналар күнінің маңыздылығы туралы әңгімеледі; “Алаш” және “Ерке сылқым” күйлерін, испан биін орындады; флешмоб биледі, сондай-ақ гитараның сүйемелдеуімен “Ұстазым”, “Есіңе мен алғайсың” әндерін шырқады.

Іс — шара студенттерге Колледж оқытушыларына кәсібилігі үшін, сондай-ақ аналарына-сүйіспеншілік пен қамқорлық үшін алғыс білдіру мүмкіндігіне айналды.

Құрметті оқытушылар, сондай-ақ біздің студенттер болашақ мейіргерлер! Халықаралық мейіргер күнімен шын жүректен құттықтауымызды қабыл алыңыз! Сондай-ақ, біз барлық әйел аналарды көктемнің тамаша мерекесі – Аналар күнімен құттықтаймыз! Сізге зор денсаулық, кәсіби қызметте табыс және отбасылық амандық тілейміз!