2025 жылғы 5 мамыр күні Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығын мерекелеу аясында Алматы қ. ҚДСБ ШЖҚ «Жоғары медициналық колледжі» КМК ұжымы мен студенттері Алматы қ. Медеу ауданының әкімдігі ұйымдастырған «Ардағым ардагерім» атты қайырымдылық акциясына қатысты.
Акцияның мақсаты: рухани-адамгершілік тәрбие беру; өскелең ұрпаққа қамқорлық пен мейірімділік, күнделікті өмірде игі істер жасауға ұмтылу сияқты қасиеттерді сіңіру.
Колледж ұжымы мен студенттері ҰОС ардагерлері мен тыл еңбеккерлерін келе жатқан мерекемен құттықтап, келесі тұлғаларға «Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске 80 жыл» естелік медальдарын табыс етті:
1. Аушахманова Роза;
2. Карбовский Эдуард Семенович;
3. Есентемирова Амина Абдулхаковна;
4. Рослякова Нэлли Владимировна;
5. Джанысбаева Гульжихан Абуевна;
6. Бушмелева Алла Александровна;
7. Балашова Мария Александровна;
8. Мусин Гадильбек Шамшиденович;
9. Саржанов Кудайберген;
10. Джулмухамедова Хадиша Делековна;
11. Калашникова Лилия Александровна;
12. Мурсалимова Лира Рафиковна.
Біз майданда шайқасқан және тылда Жеңісті жақындатқан жандардың алдында мәңгі қарыздармыз. Олардың ерлігі мен өмір жолы жүрегімізде мәңгі сақталып, ұрпақтан ұрпаққа жалғаса берсін.