kkru
info@vmkalmaty.kz +7 (727) 387-10-11

«Отбасының адам өміріндегі маңыздылығы» тақырыбында дәріс

2025 жылғы 5 мамыр күні Алматы қ. ҚДСБ ШЖҚ «Жоғары медициналық колледжі» КМК-да 1 курс студенттеріне арналған «Отбасының адам өміріндегі маңыздылығы» тақырыбында дәріс өткізілді.

Іс-шараны әлеуметтік педагог Ш.Қ. Бейсембаева мен педагог-психолог А.Қ. Жумабай ұйымдастырып, өткізді.

Дәрістің мақсаты – жас ұрпақты дәстүрлі отбасылық құндылықтар негізінде рухани — адамгершілікке тәрбиелеу.

Бүгінде Қазақстан Республикасында отбасын нығайту бағытында жүйелі әрі кешенді жұмыс жолға қойылған. Қоғамның негізгі іргетасы ретінде отбасы – құндылықтар мен мәдениеттің, ұрпақтар сабақтастығының сақтаушысы әрі тұрақтылық пен дамудың басты факторы болып қала бермек.

Дәріс дискуссия және ойын түрінде өткізілді. Мысалы, «Тұлғалық дистанция» атты ойын-эксперимент барысында әр адамның жеке кеңістігі болатындығы және оны сақтаудың маңыздылығы көрсетілді. Бұл – тұлғааралық қарым-қатынаста аса маңызды элемент.

Мұндай іс-шаралар жастар арасында үлкендерге құрмет, ұлттық құндылықтарға деген сыйластық пен өзара түсіністікті қалыптастыруға өз үлесін қосады.