29.04.2025 ж. Алматы қ. ҚДCБ ШЖҚ “Жоғары медициналық колледжі” КМК-да Қазақстан халқының бірлігі күнін мерекесі аясында “Гүлдене бер, туған жерім!» атты салтанатты іс-шара өтті.
Қазақстан халқының бірлігі күні мемлекет тарихының маңызды беттерін біріктіреді. Өткенді есте сақтау, бүгінді бағалау және болашақ үшін жұмыс істеу-қазіргі тәуелсіз мемлекеттегі гүлденген өмірдің формуласы.
№1 “Жалпы гуманитарлық пәндер” ЦӘК оқытушылары Е.Е. Тажиевтің, З.Б. Джамалдинованың, Ж.С. Бейсекенованың жетекшілігімен студенттер тамаша шығармашылық нөмірлер дайындады, олардың ішінде: ұлттық би, фольклорлық шығармашылық, әндер мен өлеңдер. Біз “МІ 24-7”, “МІ 24-8”, “МІ 24-10”, “МІ 24-11”, “МІ 24-14”, “СД 23-15”, “Мейіргер ісі”; “ЕІ 24-5”, “ЛД 24-2” “Емдеу ісі”; “Д 24-03” “Стоматология” бөлімшелерінің студенттеріне алғыс білдіреміз.
Баршаңызды ҚР Халықтарының бірлігі күнімен құттықтаймыз! Біздің еліміз әр ұлт пен ұлыстың тілін, әдет-ғұрпын құрметтей отырып, бүкіл әлемдік қоғамдастыққа достық пен бірліктің нағыз үлгісін көрсетеді!