2025 жылғы 21 сәуірде Алматы қ. ҚДСБ ШЖҚ «Жоғары медициналық колледжі» КМК-да «Мен сені сүйемін, өмір» тақырыбында 1-2 курс студенттері арасында плакаттар байқауы өтті.
Мақсаты: позитивті көзқарас қалыптастыру, өмірлік қиындықтарды жеңе білу қабілетін дамыту, айналадағыларға жанашырлық пен қолдау көрсету сезімін тәрбиелеу.
Біздің өміріміз – түрлі түске, эмоция мен мүмкіндіктерге толы керемет сый. Әрбір күн бізге бірегей құндылық сыйлайды: қарапайым нәрселерден қуаныш, жақындардың махаббаты, өсуге – үйренуге, армандауға, өзің мен әлемді тануға мүмкіндік береді. Қиындықтардан да терең мағына мен сабақ алуға болады – олар бізді дана етеді.
Байқауға ұсынылған жұмыстарды қазылар алқасы бағалап, үздік плакаттарды анықтады:
🥇 І орын – «Лаб 24-15» тобының студенттері, «Зертханалық диагностика» бөлімшесі;
🥈 ІІ орын – «ЕІ 24-01» тобының студенттері, «Емдеу ісі» бөлімшесі;
🥉 ІІІ орын – «ЛД 24-6» тобының студенттері, «Емдеу ісі» бөлімшесі.
Жеңімпаздар мен барлық қатысушыларды құттықтаймыз! Өмірге деген махаббат сіздерді жаңа жетістіктерге шабыттандырсын!