kkru
info@vmkalmaty.kz +7 (727) 387-10-11

«Жастық шақтың жарқын сәттері» тақырыбында КВН ойыны

2025 жылғы 18 сәуірде Алматы қ. ҚДСБ ШЖҚ «Жоғары медициналық колледжі» КМК-де 1-курс студенттері арасында «Жастық шақтың жарқын сәттері» тақырыбында КВН ойыны өткізілді.

Ойынның мақсаты: студенттердің шығармашылық әлеуетін және сахналық шеберліктерін дамыту; көпшілік алдында сөйлеу мәдениетін қалыптастыру.

КВН (Көңілділер мен тапқырлар клубы) ойынының прототипі 1957 жылы журналист Сергей Муратов ұйымдастырған «Көңілді сұрақтар кеші» телебағдарламасы болды. Бұл бағдарлама Чехословакиялық «Болжай бер, болжаушы» телехабарының негізінде жасалған. Қатысушылар жүргізушілердің сұрақтарына жауап беріп, жауаптарында ең алдымен тапқырлық пен әзілге мән берілді.

КВН ойынына барлығы 9 команда қатысып, олар 4 кезең бойынша бақ сынады: сәлемдесу, жылдам сұрақ-жауап, биатлон және үй тапсырмасы.

Командалар өздерінің креативтілігін, тапқырлығын және командалық рухын көрсетіп, көрермендерге ұмытылмас көңіл-күй сыйлады. «Үздіктерді анықтау қиын болды – барлық командалар керемет өнер көрсетті!», – деп атап өтті колледждің тәрбие және әлеуметтік жұмыс бөлімінің жетекшісі, байқау қазылар алқасының мүшесі Каштаева Ш.Е.

Байқау нәтижелері:
🏆 Гран-при – «Абырой» командасы («ЕІ 24-4» тобы, «Емдеу ісі» бөлімшесі);
🥇 I орын – «Ұнамаса қарама» командасы («ЕІ 24-5» тобы, «Емдеу ісі» бөлімшесі);
🥈 II орын – «Бабульки» командасы («ЛД 24-2» тобы, «Емдеу ісі» бөлімшесі);
🥉 III орын – «Мейрам киностудиясы» командасы («ЕІ 24-1» тобы, «Емдеу ісі» бөлімшесі).

Барлық қатысушыларға белсенділігі мен көрермендерге сыйлаған көңілді әрі тапқыр әзілдеріңіз үшін алғысымызды білдіреміз. Келесі кездескенше!