2025 жылдың 17 сәуірінде Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына орай мерекелік іс-шаралар жоспары аясында Алматы қ. ҚДСБ ШЖҚ “Жоғары медициналық колледжі» КМК «Ұлы тұлғаларға саяхат» тақырыбында колледжішілік саяхат сабағы өтті.
Іс-шараның мақсаты: Отан сүйгіштікке тәрбиелеу және Ұлы Отан соғысы кезіндегі қазақстан халқының батырлық тарихымен таныстыру.
№1 «Жалпы гуманитарлық пәндер» ЦӘК оқытушысы Г.Б. Тлекметованың жетекшілігімен студенттер Ұлы Отан соғысы кезінде ерлік көрсеткен Б.Момышұлы, И.Панфилов, Т.Бигелдинов, С. Нурмағамбетов, Р.Қошқарбаев т.б батырларымыздың ерлігі туралы баяндамалар жасады. Ж.Жабаев, М.Мақатаев, Қ,Аманжолов, Қ.Кенжеғалиева және басқа ақындардың Ұлы Отан соғысы туралы өлеңдерін оқыды.
Бұл іс–шараға «Мейіргер ісі» бөлімінің 1курс студенттері МІ 24-7, МІ 24-8, МІ 24-10, МІ 24-12 белсенді қатысты.
Тарих беттері үнемі жаңарып отырады, әрі біздің ұлы қолбасшыларымыздың, генералдардың, полковниктердің, шабуылдаушылар мен авиация ұшқыштарының және қатардағы жауынгерлердің – Кеңес Одағының Батырларының ерлігі мен ерлігін ешкім ешқашан ұмытпайды.