2025 жылдың 17 сәуірінде Алматы қ. ҚДСБ ШЖҚ «Жоғары медициналық колледжі» КМК мәжіліс залында Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80-жылдығына орай «Жүректерге жазылған ерлік» атты танымдық сағат өткізілді.
1 курс студенттері үшін ұйымдастырылған іс-шарада Ұлы Отан соғысы туралы көркем, публицистикалық және энциклопедиялық кітаптар ұсынылды, олардың ішінде: Б. Момышұлының «За нами Москва», «Наша семья история одной ночи», А. Бек «Волоколамск тас жолы»; Р. Қошқарбаев «Штурм, день 1410»; К. Қайсенов «Народные мстители», Ә. Нұршайықов «Ақиқат пен аңыз» кітаптармен ақпаратты материалдар қойылды.
Барлық оқырмандарымызды колледж кітапханасына келіп, көрмеге қойылған әдебиеттермен танысып, кітап оқуға шақырамыз.