Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығын дайындау және мерекелеу жөніндегі іс-шаралар жоспары аясында Алматы қ. ҚДCБ ШЖҚ «Жоғары медициналық колледжі» КМК студенттері «Соғыс жылдарының өлмес шежіресі» тақырыбында буктрейлер дайындады.
Буктрейлер (ағылш. booktrailer) — кез келген көркем шығарма туралы еркін түрде баяндайтын қысқа бейнеролик.
Іс-шараның мақсаты: патриотизм сезімін тәрбиелеу, жастарды рухани-адамгершілік тәрбиелеуге жәрдемдесу; студенттерді соғыс жылдарындағы көркем әдебиетпен таныстыру, оқуға деген қызығушылықты дамыту.
№1 «Жалпы гуманитарлық пәндер» ЦӘК тарих пәнінің оқытушысы К.Д. Абдрахманованың жетекшілігімен буктрейлерді жасау үшін студенттер Борис Васильевтің «А зори здесь тихие…» (1969 ж.) әңгімесін таңдады.
Буктрейлерді түсіру процесіне режиссер, сценарист, оператор және актерлер ретінде келесі топтардың студенттері белсенді қатысты:
• «ЛД 24-2» тобы «Емдеу ісі» бөлімшесі — Шакирова Рамина, Ивраимова Нигара, Пигулевская Лиза, Бурхандинова Наиля, Исакова Агнеса, Мустаков Батырхан;
• «СД 24-13» тобы «Мейіргер ісі» бөлімшесі — Насипова Залина;
• «СД 24-14» тобы «Мейіргер ісі» бөлімішесі — Быкова София.
Біз студенттерімізге шығармашылық пен бастама үшін алғыс айтамыз!