16.04.2025 жылы Алматы қ. ҚДСБ ШЖҚ «Жоғары медициналық колледжі» КМК-да «Ешқашан соғыс болмасын» тақырыбында эссе байқауы өтті.
Эссе байқауы мемлекеттік, орыс тілдерінде өткізілді және Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығын мерекелеу аясында № 1 «Жалпы гуманитарлық пәндер» ЦӘК оқытушылары: А.С. Қонақбаева, Ж.Ж. Сүлейменова, Р.Т. Шапулатова, З.А. Даутова, Е. Е. Тажиев ұйымдастырды.
Мемлекеттік тілде өткізілген эссе байқауының нәтижелері бойынша барлығы 32 жұмыс ұсынылып, қазылар алқасының мүшелері жүлделі орындарды былайша бөлді:
1 орын — Жүнісбай Балнұр («ЕІ 24-4» топ «Емдеу ісі» бөлімі)
2 орын — Серікқызы Нұрайлым («МІ 24-12» топ «Мейіргер ісі» бөлімі)
3 орын — Пернебек Таңшолпан («ЕІ 24-3» топ «Мейіргер ісі» бөлімі)
Орыс тіліндегі барлығы 30 жұмыс ұсынылды, оның нәтижелері төмендегідей болды:
1 орын — Ибраимова Нигара («ЛД 24-2» топ «Емдеу ісі» бөлімі), Махамбетиярова Айша («MI 24-7» топ «Мейіргер ісі» бөлімі);
2 орын — Серик Жасмин («MI 23-14» топ «Мейіргер ісі» бөлімі), Насипова Залина («СД 24-13» топ «Мейіргер ісі» бөлімі);
3 орын — Ережеп Асылзат («СД 24-13» топ «Мейіргер ісі» бөлімі), Адильбекова Балнур («MI 24-9» топ «Мейіргер ісі» бөлімі).
Біз жеңімпаздарды құттықтаймыз және барлық қатысушыларға белсенді қатысқандары үшін алғыс білдіреміз!