kkru
info@vmkalmaty.kz +7 (727) 387-10-11

«Тәртіпті өзіңнен баста!» атты лекциялық іс-шараға хабарландыру

Құрметті Алматы қ. ҚДСБ ШЖҚ «Жоғары медициналық колледжі» КМК білім алушылары мен қызметкерлері!

Сіздерді 2025 жылдың 19 ақпанында өтетін «Тәртіпті өзіңнен баста!» атты лекциялық іс-шараға шақырамыз. Іс-шара ҚР сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары Галымов Жарқын Сайлауовичтің қатысуымен өтеді.

Іс-шараның мақсаты – сыбайлас жемқорлыққа қарсы нөлдік төзімділік идеологиясын дамыту, заңдылық пен тәртіпке құрмет көрсету мәдениетін қалыптастыру, сондай-ақ, әрбір адамның қоғамдағы жауапкершілігін арттыру.

Күн тәртібі:

  1. Сыбайлас жемқорлықтың қазіргі жаһандық мәселелері;
  2. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес әдістері мен стратегиялары;
  3. Әр азаматтың қоғамда адалдық пен тәртіп орнатуға қосатын үлесі;
  4. Қазақстандағы сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша мемлекеттік бағдарламалар.

Галымов Жарқын Сайлауович Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаменті атынан сыбайлас жемқорлыққа қарсы жүргізіліп жатқан шаралар мен агенттіктің жаңа бастамалары туралы таныстырады. Іс-шарада қатысушылар өз сұрақтарын қойып, ұсыныстарын білдіре алады.

Өтетін орны: акт залы (6 қабат)

Өтетін уақыты: 2025 жылдың 19 ақпаны, сағат 11:00

Барлық колледж қызметкерлері мен студенттерді белсенді қатысуға шақырамыз!