2025 жылғы 07 ақпанда Алматы қ. ҚДСБ ШЖҚ «Жоғары медициналық колледжі» КМК-да «Крым (Ялта) конференциясы – антигитлерлік коалицияның үш жетекші мемлекеті – КСРО, АҚШ және Ұлыбритания басшылары И. Сталин, Ф. Рузвельт, У. Черчилль арасындағы кездесу» атты ашық тәрбие сағаты өтті.
Іс-шараның мақсаты — патриотизмге тәрбиелеу, кеңес халқының ерлігі үшін мақтаныш сезімін, ардагерлерге құрмет пен еліміздің тарихын қалыптастыру.
Іс-шараға «Мейіргер ісі» бөлімшесінің «МІ 24-6», «МІ 24-7», «МІ 24-8», «МІ 24-10», «МІ 24-11», «Емдеу ісі» бөлімшесінің «ЛД 24-2», «ЕІ 24-5» топтарының студенттері белсенді қатысты.
ЦМК №1 «Жалпы гуманитарлық пәндер» оқытушылары А.Н. Далибаева, Е.Е. Тажиев, Г.Б. Тлекметова, З.Б. Джамалдинова жетекшілігімен студенттер: Крым (Ялта) конференциясы, Будапешт операциясы, Шығыс-Померан операциясы туралы баяндамалар жасады; Ж. Жабаев, А. Келібетов, Қ. Жұмағалиев, Г. Қожахмет және басқа да ақындардың Ұлы Отан соғысы туралы өлеңдерін оқыды; театрландырылған көрініс қойылды.
Мұндай іс-шараларды өткізу – жастардың рухани-адамгершілік және патриоттық тәрбиесінің ажырамас бөлігі. Ұлы Отан соғысының тақырыбы қазіргі қоғамда өте өзекті, ол халықтың бірлігі мен тұтастығын нығайтуға ықпал етеді.