1943 жылғы Сталинград шайқасында кеңес әскерлерінің неміс-фашистік әскерлерін талқандау күніне арналған іс-шара өткізілді

2025 жылғы 05 ақпанда Алматы қ. ҚДСБ ШЖҚ “Жоғары медициналық колледжі” КМК-да 1 курс студенттері үшін 1943 жылғы Сталинград шайқасында кеңес әскерлерінің неміс-фашистік әскерлерін талқандау күніне арналған іс-шара өткізілді.

Аталған іс-шара ҚР Үкіметінің 2024 жылғы 31 желтоқсандағы № 1147 қаулысымен бекітілген “Ұлы Жеңіс: Ерлікке тағзым, ұрпаққа үлгі” Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығын дайындау және мерекелеу жөніндегі іс-шаралар жоспарына сәйкес өткізілді.

Іс-шараның мақсаты – патриотизмге тәрбиелеу, кеңес халқының ерлігі үшін мақтаныш сезімін, ардагерлерге құрмет пен еліміздің тарихын қалыптастыру.

Іс-шараға “Мейіргер ісі” бөлімшесінің “24-13” және “24-14”, “Емдеу ісі” бөлімшесінің “24-2”, “Стоматология” бөлімшесінің “24-03” топтарының студенттері белсенді қатысты.

№ 1 “Жалпы гуманитарлық пәндер” ЦӘК оқытушылары: Ж.Ж. Сүлейменова, К.Д. Абдрахманова және А.Н. Далибаеваның басшылығымен студенттер: 1943 жылғы Сталинград шайқасы туралы баяндамасын; К. Симонов, Ю. Друнина, М. Исаковскийдің өлеңдерін; К. Симоновтың “Жди меня, и я вернусь!” қойылымын; “Катюша”, “Синий платочек”, “Рота, подъем!” және т.б. музыкалық шығармаларын дайындады.

Ағымдағы жылдың ақпан айынан мамыр айына дейін біздің колледжде Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына арналған іс-шаралар өткізіледі, Жеңіс Күні қарсаңында қорытынды мерекелік концертпен аяқталады.