kkru
info@vmkalmaty.kz +7 (727) 387-10-11

Директордың 2024 жылғы қызметінің қорытындысы бойынша есебі

2025 жылдың 28 қаңтарында Алматы қ. ҚДСБ ШЖҚ «Жоғары медициналық колледжі» КМК директоры Молдакулов Жумахан Мукашович 2024 жылдың Колледж қызметінің қорытындысы бойынша есеп берді.

Кездесуге колледждің Бақылау кеңесінің төрағасы – Сейдуманов Султан Турарович, әкімшілік-басқару қызметкерлері және оқытушылар құрамы қатысты.

Есепте білім беру процесін ұйымдастыру, колледжді материалдық-техникалық және ресурстық қамтамасыз ету мәселелері қаралды. Жетістіктер арасында 2024 жылға арналған стратегиялық даму жоспарының іс-шараларын іске асыру шеңберінде:

  • Білім беру қызметтерінен түсетін кірістің өсті;
  • Институционалдық қайта кредиттеуден 5 жыл мерзімге сәтті өтті;
  • 3 жыл мерзімге ҚР МС ИСО 9001-2016 талаптарына сәйкестігін растау үшін СМЖ қайта сертификаттаудан өтті;
  • 17.05.2024 ж. «Ана мен бала» VII Халықаралық ғылыми-білім беру форумының «Мейіргер ісі» секциясының отырысы ұйымдастырылды және өткізілді;
  • 05.06.2024 ж. «Ғылым. Іздеу. Инновация – 2024» тақырыбында жыл сайынғы студенттік ғылыми-практикалық конференция өтті;
  • Колледж студенттерінің қалалық пәндік олимпиадаларға, «Медициналық және әлеуметтік күтім» құзыреті бойынша «Worldskills Almaty 2024» кәсіптік чемпионатына қатысуы және жүлделі орындарға ие болды;
  • Материалдық-техникалық қамтамасыз етуді жақсартылды: медициналық жабдықтарды, манекендерді, оқу әдебиеттерін сатып алу және т.б.

Есеп қорытындысында Жумахан Мукашович колледж ұжымына атқарған жұмыстары үшін рахметін айтып, денсаулық сақтау жүйесінің орта медицина қызметкерлерін даярлау бойынша жалпы іске қосқан үлесі үшін алғысын білдірді.