2024 жылғы 20 желтоқсанда Алматы қ. ҚДСБ ШЖҚ «Жоғары медициналық колледжі» КМК 1 курс студенттері арасында «Келісім мен ынтымақ — жетістіктің кепілі» тақырыбында эссе байқауы өтті.
Мақсаты: жалпыұлттық бірлік сезімін тәрбиелеу; рухани және материалдық емес құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту.
Эссе байқауы мемлекеттік және орыс тілдерінде, № 1 «Жалпы гуманитарлық пәндер» ЦӘК оқытушылары: Ж.Ж. Сулейменова, Р.Т. Шапулатова, З.А. Даутова ұйымдастыруымен өткізілді.
Бүгінгі таңда әрбір қазақстандықтың алдында тұрған басты міндет – ұлттық бірлік пен келісімді нығайту. Қасым-Жомарт Тоқаев «Халық бірлігі және жүйелі реформалар — ел өркендеуінің берік негізі» атты Қазақстан халқына жолдауында: «Этносаралық және конфессияаралық келісім — біздің баға жетпес байлығымыз. Болашақ мемлекет үшін біз ішкі тұрақтылық пен жалпыұлттық бірлікті сақтауға және нығайтуға міндеттіміз» деп атап өтті.
Мемлекеттік тілде өткізілген эссе байқауының нәтижелері бойынша қазылар алқасы келесі студенттерге дауыс берді:
- орын — Ербол Арай («ЕІ 24-3» тобы, «Емдеу ісі» бөлімшесі);
- орын — Серғалиқызы Алина («ЕІ 24-4″ тобы, » Емдеу ісі» бөлімшесі);
- орын — Нұржан Асылай («ЕІ 24-3» тобы, «Емдеу ісі»бөлімшесі).
Орыс тіліндегі эссе байқауының нәтижелері:
- орын — Ивраимова Нигара («ЛД 24-2» тобы, «Емдеу ісі» бөлімшесі);
- орын — Мырзаханңкәр («Д 24-03» тобы, «Стоматология» бөлімшесі); 2 орын — Үйсін Дания («MI 24-12» тобы, «Мейіргер ісі» бөлімшесі);
- орын — Алимова Гульнар («СД 24-14» тобы, «Мейіргер ісі» бөлімшесі).
Байқау жеңімпаздарын құттықтаймыз! Баршаңызға амандық, бейбітшілік пен жақсылық тілейміз!