04.12.2024 ж. Алматы қ. ҚДСБ ШЖҚ «Жоғары медициналық колледжі» КМК-да 1 курс студенттері үшін «Мен оқып шықтым, сізге де оқуға кеңес беремін» тақырыбында әдеби байқау ұйымдастырылды.
Мақсаты: студенттерді көркем шығармаларды оқуға тарту арқылы ұлттық құндылықтарды дәріптеу, жас ұрпақтың зияткерлік, рухани-адамгершілік дамуы.
Іс-шараны Колледж кітапханасының қызметкерлері #оқуғақұштарколледж жобасы аясында ұйымдастырды.
Байқауға қатысушылар кітаптың желісі мен кейіпкерлерді сипаттай отырып, оқылған шығармалар туралы айтып, өз әсерлерімен бөлісті, осылайша басқа қатысушылардың оқуға деген қызығушылығын оятты.
Қазылар алқасы студенттерді осылайша бағалады:
• Байқаудың бас жүлдені Ә.Нұрпейісов «Қан мен тер» шығармасы туралы баяндаған «Мейіргер ісі» бөлімінің «МІ 24-10» тобының студенті Абильсеит Улан алды;
• 1 орын – М.Дулатұлының «Бақытсыз Жамал» шығармасымен «Емдеу ісі» бөлімінің «ЕІ 24-5» тобының студенті Айдосқызы Інкар;
• 2 орын – Абай Аяулым — «Емдеу ісі» бөлімінің «ЕІ 24-5» тобының студенті, ол Д.Исабековтың «Гауһар тас» романы туралы айтты;
• 3 орын – С. Сейфуллин «Тар жол, тайғақ кешу» шығармасымен «Мейіргер ісі» бөлімінің «МІ 24-3» тобының студенттері Ербол Арай мен Шаймуратов Мирас;
• 3 орын – Ф.Достоевскийдің «Подросток» романын оқығаны туралы өз әсерімен бөліскен «Мейіргер ісі» бөлімінің «МІ 24-11» тобының студенті Амиртай Енлик.
Біз әдеби байқаудың жеңімпаздары мен қатысушыларын құттықтаймыз! Біз барлық студенттерді кітаптарды белсенді оқуға шақырамыз, өйткені оқу бізге үлкен пайда әкеледі: сөздік қорың кеңейтеді, бейнелі ойлауды қалыптастырады, есте сақтау мен зейінді нығайтады, ой-өрістің кеңеюіне ықпал етеді және тағы басқа пайдалар.