“Әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықты жою” тақырыбында семинар

2024 жылғы 03 желтоқсанда “Әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықсыз 16 күн” республикалық акциясы аясында Алматы қ. ҚДСБ ШЖҚ “Жоғары медициналық колледжі” КМК студенттері үшін “Әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықты жою” тақырыбында семинар өткізілді.

Мақсаты: тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу және ескерту, аналар мен балаларды қорғау, отбасының қоғамдағы рөлін нығайту.

“БҰҰ-әйелдер” статистикасына сәйкес Қазақстанда 2018-2023 жылдар аралығында отбасылық-тұрмыстық негіздегі қылмыстық құқық бұзушылықтар саны 2 еседен астам өсті. Гендерлік зорлық-зомбылық – бұл жаһандық проблема және бүкіл әлемде бұл көрініс көңіл көншітпейді. Тұрмыстық зорлық-зомбылық әйелдерді қоғамға толық қатысу мүмкіндігінен айырады және отбасыларға, қауымдастықтарға және елге ұзақ мерзімді теріс әсер етеді.

Егер сіз отбасындағы зорлық-зомбылық фактілері туралы білсеңіз немесе тұрмыстық зорлық-зомбылықтың құрбаны болсаңыз, бұл туралы үндемеңіз! Сіз полиция бөліміне “102” нөміріне қоңырау шалуыңыз керек. Консультациялық-құқықтық және психологиялық көмек көрсетілетін дағдарыс орталықтарының телефондары:

  • “Родник” ҚҚ – 396-19-38;
  • “Жан-Сая” КММ – “150” (жасырын, тәулік бойы) немесе +7 771 450 34 50;
  • “Аналар үйі “ҚҚ” +7 747 311 41 09; +7 747 311 40 51.