kkru
info@vmkalmaty.kz +7 (727) 387-10-11

Педагогикалық ұжымымен «Балалар мен жасөспірімдер суициді. Суицидтік мінез-құлықтың себептері мен алдын-алу» тақырыбында кездесу

2024 жылғы 19 қарашада «AMANAT» партиясының әйелдер қанатының жұмысы аясында Алматы қ. ҚCДБ ШЖҚ «Жоғары медициналық колледжі» КМК педагогикалық ұжымымен «Балалар мен жасөспірімдер суициді. Суицидтік мінез-құлықтың себептері мен алдын-алу» тақырыбында кездесу өтті.

Шақырылған спикерлер:
– Ерлан Диана Ерлановна — Алматы қаласы мәслихатының депутаты, Алматы қаласы бойынша бала құқықтары жөніндегі уәкіл;
— Садвакасова Гульмира Турыскановна — Алматы қ. ҚCДБ ШЖҚ «Психикалық денсаулық орталығы» КМК-ның аға психологы;
— Ажиманов Азат Алимханович — «AMANAT» партиясы Медеу аудандық филиалының төрағасы.

Кездесуде суицидтік мінез-құлықтың пайда болуының негізгі себептері, суицидтік әрекеттердің алдын алу механизмі, балалар мен жасөспірімдерге уақтылы психологиялық көмек көрсету мәселелері талқыланды.

Бүгінгі таңда балалар мен жасөспірімдер арасындағы суицид мәселесі өзекті мәселелердің бірі болып табылады. Соңғы уақытта республиканың бірнеше өңірінде болған қайғылы оқиғалар Қазақстанды дүр сілкіндірді. Сарапшылар балалар мен жасөспірімдердің ең кішкентай ішкі күйзелуіне назар аударуға кеңес береді, өйткені жасына байланысты олар барлық оқиғаларды өте байыпты қабылдауға бейім. Балалар мен жасөспірімдердің әрқашан қолдау мен түсіністікті сезінуі, олардың жалғыз емес екенін және олардың өмірлік мәселелерін шешуге көмектесетін ата-аналары немесе жақындары бар екенін түсінуі маңызды.