2024 жылғы 05-08 қараша аралығында Алматы қ. ҚДСБ ШЖҚ «Жоғары медициналық колледжі» КМК-да бітіруші курс студенттерімен және олардың ата — аналарымен білім алушылардың қорытынды мемлекеттік аттестаттауға (бұдан әрі — ҚМА) дайындау және тапсыру мәселелері бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Жиналыста сөз сөйлегендер: колледж директоры Ж. М. Молдакулов, директордың оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Л.Д. Алибекова; мемлекеттік сатып алу және құқықтық қамтамасыз ету бөлімінің басшысы С.К. Бисенов; «Мейріргер ісі» бөлімшесінің меңгерушісі К.Д. Каримбаева; «Емдеу ісі» бөлімшесінің меңгерушісі А.А. Сүлейменова, «Зертханалық диагностика», «Фармация», «Гигиена және Эпидемиология», «Стоматология» бөлімшесінің меңгерушісі М.М. Омарова; қолданбалы бакалавриат бөлімінің меңгерушісі А.Е. Халелова.
Ата-аналармен және түлектермен кездесу барысында келесі мәселелер талқыланды:
- Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 11 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-249/2020″ Денсаулық сақтау саласындағы білім беру бағдарламалары білім алушыларының білімі мен дағдыларын бағалау, түлектерінің кәсіптік даярлығын бағалау, денсаулық сақтау саласындағы мамандардың кәсіптік даярлығын бағалау қағидаларын бекіту туралы Денсаулық сақтау саласындағы білім беру бағдарламалары білім алушыларының білімі мен дағдыларын бағалау, түлектерінің кәсіптік даярлығын бағалау, денсаулық сақтау саласындағы мамандардың кәсіптік даярлығын бағалау қағидаларын бекіту туралы» бұйрығы;
- түлектердіҚМА-ғадайындаужәне алдағы тестілеугедайындықтыңқорытындыбөлігіретінде өзін-өзі бағалауданөту.
Құрметті түлектер! Сіздер тек өз білімдеріңізге сену керексіздер, колледж оқытушыларымен қосымша сабақтарға қатысысып, өзін-өзі бағалау процедурасынан өтіңіздер, тек осылайша сіздер ҚМА-ны сәтті тапсырып, біздің колледж дипломын ала аласыздар.