1 курс студенті Али Абдували “Мақатаев оқулары” республикалық конкурсына қатысты

Алматы қ. ҚДСБ ШЖҚ “Жоғары медициналық колледжі” КМК-ның “Мейіргер ісі” бөлімінің “МІ 24-11” тобының 1 курс студенті Али Абдували ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен “Абырой” ғылыми-әдістемелік орталығы ұйымдастырған “Мақатаев оқулары” республикалық конкурсына қатысты.

Байқаудың мақсаты: Мұқағали Мақатаевтың рухани мұрасын насихаттау.

Байқау шарттары бойынша қатысушылар бейнеге жазылған ақынның өлеңін ұсынады. Али Абдувалидің жұмысын байқау қазылар алқасы Қазақстанның түкпір-түкпірінен келген көптеген колледж қатысушыларының арасында I орынмен бағалады.

Колледж әкімшілігі Али Абдували мен оның тәлімгері – Тажиев Ербол Елғондыұлын жұмысының жоғары бағасымен құттықтайды. Байқаудағы жеңіс – студенттеріміздің шығармашылық қабілеттерінің жарқын көрінісі! Барлықтарыңызға оқуда табыс және колледждің ғылыми-зерттеу қызметінде жаңа жетістіктер тілейміз!