kkru
info@vmkalmaty.kz +7 (727) 387-10-11

Елизавета Пигулевская «Тіл – халық қазынасы» байқауының 3-ші жүлделі орынға ие болды

27 қыркүйек 2024 жылы  N1 қазақ мемлекеттік гуманитарлық-педагогиктік колледжінің базасында «Тіл – халық қазынасы» тақырыбында қалалық байқау ұйымдастырылды. Байқау қазақ тілі — өз ана тілі емес студенттер арасында өтті. Байқауға Алматы қаласындағы 19 колледжден 19 студент қатысты.

Байқауға Алматы қ. ҚДСБ ШЖҚ » Жоғары медициналық колледжі» КМК «Емдеу ісі» бөлімі ЛД 24-2 тобының студенті Елизавета Пигулевская қатысты.

Үш кезеңнің қорытындысы бойынша сайыскеріміз 3-ші жүлделі орынға ие болды. Құрметті 3-орын – Елизавета Пигулевская мен оның тәлімгері Ахымбекова Жазира Байжанқызының  білімге деген үлкен құштарлығының жемісі.

Колледж басшылығы, оқытушылары мен студенттері атынан Елизавета Пигулевская мен оның тәлімгері Ж.Б. Ахымбекованы жүлделі орын алуларыңызбен құттықтаймыз! Сіздерге жаңа жетістіктер тілейміз!