kkru
info@vmkalmaty.kz +7 (727) 387-10-11

«Ұстазыма мың алғыс» челленджі

2024 жылғы 4 қазанда Алматы қ. ҚДСБ ШЖҚ «Жоғары медициналық колледж» КМК білім алушылары, Ұстаздар күніне орай «Ұстазыма мың алғыс» челленджіне қатысты.

Студенттер шығармашылық танытып, ұстаздарын ерекше түрде құттықтап, оларға қуаныш пен жақсы көңіл-күй сыйлады. Толығырақ бейнеролигімізде!

Құрметті ұстаздар! Сіздерді әрдайым шәкірттеріңіздің құрметі мен сүйіспеншілігі қоршап жүрсін! Сіздің еңбегіңіз баға жетпес! Әрбір студентке көрсеткен қамқорлықтарыңыз, төзімдеріңіз бен даналықтарыңыз үшін мың алғыс. Өміріңіз қуанышқа, ризашылыққа толы болсын және өз жетістіктеріңіз үшін мақтаныш сезімі серік болсын! Сіздерді Ұстаздар күнімен шын жүректен құттықтаймыз!