kkru
info@vmkalmaty.kz +7 (727) 387-10-11

“Ұлттық ойын — ұлт қазынасы”

2024 жылдың 18 қыркүйегінде Алматы қ. ҚДСБ ШЖҚ “Жоғары медициналық колледжі” КМК –нің дене тәрбиесінің оқытушылары “Ұлттық ойын — ұлт қазынасы” тақырыбында білімгерлер арасында жарыс өткізді. Спорт клубының мүшелері толықтай қатысты. “Алтыбақан”, “Арқан тартыс”, “Асық ату”, “Шертпе” секілді қазақтың ұлттық ойындарын ойнады.

Қазақ халқының ұлттық ойындары — ептілікті, өжеттілікті, шапшаңдылықты, тапқырлықты талап етеді, олардың түрі сан-алуан.

Соңғы жылдары Қазақстан Республикасында ұлттық ойындар мен спорт түрлеріне деген қызығушылық тез артып келеді. Қазақ халқы ежелгі заманнан бері барлық мерекелерде жарыстар ұйымдастырады. Ұлттық қазыналарды жаңғырту және танымал ету жас ұрпақтың патриотизмі мен мәдени-адамгершілік құндылықтарын тәрбиелеуге ықпал етеді. Қазақ ұлтының ойындарының айрықша ерекшелігі-шапшаңдықты, ептілікті және ұқыптылықты талап етеді.