kkru
info@vmkalmaty.kz +7 (727) 387-10-11

«Адалдық сағаты» атты тәрбие сағаты

2024 жылдың 9 мен 12 қыркүйек аралығында Алматы қ. ҚДСБ ШЖҚ «Жоғары медициналық колледжі» КМК – да кураторлар «Адалдық сағаты» атты тәрбие сағатын білім алушылар арасында өткізді.

Адалдық сағатының мақсаты: сыбайлас жемқорлыққа байланысты құқық бұзушылықтың алдын алу, білім алушыларды  адалдыққа, адамгершілікке, әділдік пен сенімділікке тәрбиелеу болды.  Тәрбие сағаты барысында  білім алушылар  сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бағдарламаларымен, заңдармен таныстырылып, жан-жақты мағлұмат алды. Түрлі жағдаяттарды талдап, адалдық пен арамдықтың, әділдік пен әділетсіздіктің ара-жігін ажыратты.