kkru
info@vmkalmaty.kz +7 (727) 387-10-11

Денсаулық сақтау саласындағы қосымша және бейресми білім берудің білім беру бағдарламалары бойынша білім беру қызметтерін көрсетуге арналған Тендер (азаматтық-құқықтық шарт)

Ұйымдастырушы мекеме : Алматы қ. ҚДСБ » Жоғары медициналық колледжі» КМК-ның оқу-әдістемелік орталығы.

2024 жылдың қазан айына арналған циклдар мен семинар тренингтердің атауы :

  1. «Балалар жасындағы ауруларды ықпалдастыра жүргізу » БА  60 сағат / 2 кредит -1 апта
  2. «Жүкті әйелдер мен жас балаларға арналған патронаждық қызметтің әмбебап-прогрессивті моделі»  (базалық деңгей, кеңейтілген деңгей) »  БА 120 сағат / 4 кредит-2 апта
  3. «Созылмалы инфекциялық емес ауруларды басқару бағдарламасын іске асырудағы мейіргер жұмысы» БА 60 сағат / 2 кредит -1 апта
  4. С/Т«Алғашқы  көмек көрсету дағдыларына үйрету» 36 сағат/2 кредит/1 апта
  5. С/Т «Заманауи вакцинация стандарттары. Ұлттық егу күнтізбесі » 18 сағат -3 күн
  6. С/Т «Базалық реанимация» 8 сағат -1 күн
  7. «Мектепке дейінгі және мектеп мекемелерінде тамақтану бойынша мейіргердің жұмысын ұйымдастыру» БА 120 сағат / 4 кредит-2 апта
  8. Сертификационды курс – «Мейіргер ісі» — 300 сағат / 10 кредит
  9. «Клиникалық электрокардиография» БА — 120 сағат/2апта
  10. «Процедуралық кабинет мейіргерінің жұмысы» – 120 сағат/2 апта

Біліктілік талаптары: «Денсаулық сақтау саласындағы мамандарға қосымша және формальды емес білім беру қағидаларын, денсаулық сақтау саласындағы қосымша және формальды емес білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын ұйымдарға қойылатын біліктілік талаптарын, сондай-ақ қосымша және формальды емес білім беру арқылы денсаулық сақтау саласындағы мамандар алған оқудың нәтижелерін тану қағидаларын бекіту туралы». Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 21 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-303/2020 бұйрығына сәйкес

Денсаулық сақтау саласындағы қосымша білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын ұйымдарға мынадай біліктілік талаптары қойылады:

жоғары оқу орындарында қосымша білім беруді (соның ішінде қашықтан оқытуды пайдалана отырып және көшпелі циклдарда) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беруді, ұлттық және ғылыми орталықтарды, ғылыми-зерттеу институттарын (бұдан әрі – ЖОО, ҒЗИ, ҰО) ғылым докторы немесе кандидаты ғылыми дәрежесі, философия докторы немесе магистр академиялық дәрежесі бар тұлғалар, жоғары медициналық колледждерде педагогикалық санаты, қолданбалы немесе академиялық бакалавр дәрежесі бар тұлғалар өткізеді..

Оқытушыларға қойылатын талап: ЖОО, ҒЗИ, ҰО қосымша білім беру оқытушыларының мамандық бейіні бойынша кемінде 10 жыл жұмыс өтілі және кемінде 3 жыл ғылыми-педагогикалық өтілі болуы, оқытылатын бейін бойынша соңғы 5 жылда кемінде 4 кредит (120 академиялық сағат) біліктілігін арттыруы;

жоғары медициналық колледждер оқытушыларының мамандық бейіні бойынша кемінде 5 жыл жұмыс өтілі және кемінде 3 жыл ғылыми — педагогикалық өтілі болуы, оқытылатын бейін бойынша соңғы 5 жылда кемінде 4 кредит (120 академиялық сағат) біліктілігін арттыруы;

Басым бағыттар бойынша (БЖАЫЖ,ӘППМ, СИАББ): «Созылмалы инфекциялық емес ауруларды басқару бағдарламасы», «Балалар жасындағы ауруларды ықпалдастыра жүргізу» 60 сағат/2 кредит, «Дағдарыстар мен төтенше жағдайларға дайындыққа назар аудара отырып, жүкті әйелдер мен жас балалар патронаждық қызметінің  әмбебап-прогрессивті моделі» циклдері бойынша біліктілікті арттыру куәлігінің болуы (ЮНИСЕФ) 120 сағат/4кредит және БЖАЫЖ, ӘППМ жаттықтырушысының сертификаты. (ЮНИСЕФ), . СИАББ жаттықтырушысының сертификаты болуы тиіс.

«Базалық реанимация» семинар-тренинг өткізу үшін халықаралық  жаттықтырушы сертификаты болу қажет

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар тізімі:

  1. фотосуреті бар түйіндеме;
  2. жеке куәліктің немесе (паспорттың)көшірмесі;
  3. білімі, біліктілігі, арнайы білімі немесе кәсіптік даярлығы, ғылыми дәрежелер мен атақтар берілуі туралы құжаттардың көшірмелері;
  4. соңғы бес жылдағы қызмет нәтижелері (сертификаттардың көшірмелері, негізгі ғылыми, оқу және әдістемелік жұмыстар тізбесі және т.б.).

Байланыс телефондары: +7 (727) 387-37-26; +7-707 48 48 550; +7-705-262-73-90;

Мекен-жайы: Алматы қаласы, Л.Чайкина көшесі, 12а,2 қабат, №207 кабинет, қабылдау уақыты 09.00-18.00.