09.09.2024 ж. Алматы қ. ҚДСБ ШЖҚ «Жоғары медициналық колледжі» КМК – ға жұмыс сапарымен Tore Nearland бастаған «Bike for peace» норвегиялық антиядролық қозғалысының делегациясы келді. Делегация Колледж басшылығымен кездесу өткізіп, 1 курс студенттерімен әңгімелесті.
«Бейбітшілікке арналған велосипед» қозғалысының мақсаты-ядролық қарусыз бейбітшілікті насихаттау. Қозғалыс әлемнің 120 елінде 250 велотур ұйымдастырды. Норвегияның мемлекеттік органдарының, іскер және қоғамдық топтарының өкілдері кіретін ұйымның құрамында Қазақстанмен ынтымақтастықта көп жылдық және жемісті тәжірибесі бар. 2011 ж. Семей ядролық сынақ полигонының жабылуының 20 жылдығына орай оның белсенділері Семей-Алматы-Астана көпкүндік веложарысын ұйымдастырды. 2015 ж. Атом жобасының құрметті елшісі, белгілі суретші К. Күйіковпен және тәуелсіз Қазақстанның тұңғыш Олимпиада чемпионы В. Смирновпен бірлесіп «Bike for Peace» қозғалысы Вашингтон-Нью-Йорк веложарысын ұйымдастырды.
«Bike for Peace» жоспарында — жас ұрпақ арасында ядролық қарудан азат әлем идеясын одан әрі ілгерілету.