kkru
info@vmkalmaty.kz +7 (727) 387-10-11

Құрметті талапкерлер мен ата-аналар (заңды өкілдер)!

«Е-gov» порталын және ҚР Электрондық Үкіметінің «eGov Mobile» мобильдік қосымшасын (бұдан әрі – «Е-gov» жүйесі) пайдалана отырып, еліміздің колледждеріне түсу үшін бірыңғай цифрлық жүйенің іске қосылуына байланысты әртүрлі дерекқорларды біріктіре отырып, мемлекеттік қызметтерді одан әрі цифрландыру мақсатында талапкерлерден және олардың заңды өкілдерінен өтініштерін қабылдау «Е-gov» жүйесі арқылы   1 шілдеден 25 тамызға дейін жүзеге асырылады.

Бұл ретте, 2024 жылғы 25 маусымнан 1 шілдеге дейін талапкерлер мен олардың заңды өкілдері қала колледждеріне түсу үшін құжаттарды тікелей Алматы қаласы колледждерінің қабылдау комиссиялары арқылы қағаз түрінде қолма-қол тапсыра алады.

Колледждерге оқуға қабылдау Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 18 қазандағы № 578 бұйрығымен бекітілген техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың Үлгілік қағидаларына (бұдан әрі — Қағидалар) сәйкес жүзеге асырылады.

Қабылдау квоталарының тізбесі мен мөлшері  Қазақстан Республикасы Оқу- Ағарту Министрінің 2023 жылғы 15 тамыздағы № 261 «Техникалық, кәсіптік және орта білімнен кейінгі білім берудің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға түсу кезінде қабылдау квотасының мөлшерін бекіту туралы» бұйрығымен бекітілген.

Техникалық, кәсіптік және орта білімнен кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша оқуға конкурсқа қатысу үшін өтініш берген кезде (бұдан әрі – мемлекеттік тапсырыс) орта буын маманының және қолданбалы бакалавриаттың (медициналық мамандықтар үшін) біліктілігі бойынша оқуға түсушілер мемлекеттік тапсырысты орналастыру жөніндегі Комиссия бекіткен төрт мамандыққа, біліктілікке (қажет болған жағдайда) дейін және ТжКОБ (колледждер) төрт ұйымына дейін оқыту тілін (қазақ, орыс), білім деңгейін, квоталық санатты (бар болса), ал сондай-ақ, жатақханада орын беру, мемлекеттік тапсырыс бойынша оқуға конкурс өткізу жөніндегі Бірыңғай нұсқаулықпен танысу, дербес деректерді жинауға, өңдеуге келісу/келіспеу қажеттігі туралы белгілер қойылады.

Мемлекеттік тапсырысты орналастыру жөніндегі Комиссия бекіткен Алматы қаласының ТжКОБ (колледждер) мамандықтарының, біліктіліктерінің және ұйымдарының тізбесімен орта буын маманының және қолданбалы бакалавриаттың (медициналық мамандықтар үшін) біліктіліктері бойынша мемлекеттік тапсырысқа  түсу үшін Алматы қаласы колледждерінің қабылдау комиссияларында танысуға болады.

Жұмысшы біліктілігі бойынша мемлекеттік тапсырыс шеңберінде немесе ақылы негізде (біліктілік деңгейіне қарамастан) оқуға  өтініш бергенде   мемлекеттік тапсырысты орналастыру жөніндегі Комиссия бекіткен бір ғана мамандықты, біліктілікті (қажет болған жағдайда) және ТжКОБ (колледж) бір ұйымын, оқыту тілін (қазақ, орыс), білім деңгейін, квоталық санатты таңдайды (бар болса), сондай-ақ жатақханадан орын беру, Қағидалармен танысу, дербес деректерді жинауға, өңдеуге келісу/келіспеу қажеттілігі туралы белгілер қояды.

2024 жылғы 25 маусымнан 01 шілдеге дейінгі кезеңде, өтініштер мен құжаттардың қағаз түрінде түсуі аяқталғаннан кейін, қала колледждерінің қабылдау комиссияларының мүшелері еліміздің колледждеріне түсу үшін бірыңғай цифрлық жүйе іске қосылғаннан кейін 2024 жылғы 01 шілдеден бастап осы цифрлық жүйеге талапкердің оқуға түсуі бойынша барлық мәліметтерді енгізеді.

Талапкерлер мен ата-аналар (заңды өкілдер) 2024 жылғы 25 маусымынан 01 шілдеге дейінгі кезеңде өтініш пен құжаттарды қағаз түрінде берген кезде кері байланыс және деректерді нақтылау үшін, әсіресе квоталарды растау кезінде, олар бойынша мәліметтер тиісті мемлекеттік органдардың деректер базасымен біріктірілетін бірыңғай цифрлық жүйеге енгізілгеннен кейін, қолданыстағы ұялы телефон нөмірлерін дұрыс көрсетуі қажет.