Құрметті талапкерлер, 9-шы және 11-ші сынып түлектері! Сіздерді Алматы қ. ҚДСБ ШЖҚ «Жоғары медициналық колледжі» КМК оқуға түсуге шақырамыз!
Біз келесі сұранысқа ие мамандықтар бойынша мемлекеттік және орыс тілдерінде оқытуды ұсынамыз:
9 сынып негізінде:
• Мейіргер ісі («Жалпы тәжірибедегі мейіргер»);
• Емдеу ісі («Фельдшер»);
• Зертханалық диагностика («Медициналық зертханашы»);
• Стоматология («Дантист»);
• Ортопедиялық Стоматология («Тіс технигі»).
11 сынып негізінде:
• Мейіргер ісі («Жалпы тәжірибедегі мейіргер»), («Мейіргер ісінің қолданбалы бакалавры «);
• Емдеу ісі («Фельдшер»);
• Зертханалық диагностика («Медициналық зертханашы»);
• Стоматология («Дантист»);
• Ортопедиялық Стоматология («Тіс технигі»);
• Акушерлік іс («Акушер»);
• Фармация («Фармацевт»);
• Гигиена және эпидемиология («Гигиенист-эпидемиолог»).
Оқу процесі теориялық оқытудың озық әдістерін және қарқынды практикалық дайындықты біріктіреді. Біздің оқу дәрісханаларымыз заманауи оқу-әдістемелік кешенімен, фантомдармен, муляждармен және жаттықтырғыштармен жабдықталған, бұл сізге қажетті практикалық дағдылар мен теориялық білімді қамтамасыз етеді. Сіз өз білімімен қуана бөлісетін және жоғары нәтижелерге қол жеткізуге көмектесетін тәжірибелі мамандардан білім алатын боласыз.
Алматы қ. ҚСДБ ШЖҚ «Жоғары медициналық колледжі» КМК қабылдау комиссиясы өз жұмысын 25 маусымнан бастайды.
Толық ақпарат алу үшін:
• Бізге Instagram-да тікелей хабарлама жіберіңіз;
• +7 701 673 5926, +7 701 673 5627, +7 (727) 387 37 телефондарға қоңырау шалыңыз.