Ұлттық спорт күнін мерекелеу аясында 2024 жылғы 19 наурызда Алматы қ. ҚДСБ ШЖҚ «Жоғары медициналық колледжі» КМК — да ұлттық спорт ойыны арқан тарту өткізілді.
Арқан тарту – ұлттық ойын. Арқан тартыс ойыны адамдарды шымырлыққа, ептілікке үйретеді. Дененің қимыл-қозғалысын ширатуда ешбір спорт түрінен кем түспейді. Сонымен бірге балалардың зердесін дүние-танымын кеңейтетін бірден-бір ойын.
Қазақ халқы ежелгі заманнан бері барлық мерекелерде жарыстар ұйымдастырды. Бүгінде Қазақстанда ұлттық спорт түрлеріне деген қызығушылық қайта жандануда, олардың ішінде:
- Аударыспақ;
- Асық ату;
- Бәйге;
- Жамбы ату;
- Жекпе-жек;
- Көкпар;
- Қазақша күрес;
- Аңшы құстармен аң аулау;
- Тоғызқұмалақ.
Барлық студенттерге қатысқандары үшін Алғыс білдіреміз және жарыс жеңімпаздарын құттықтаймыз! Баршаңызға зор денсаулық пен амандық тілейміз! Мерекелеріңіз құтты болсын!