kkru
info@vmkalmaty.kz +7 (727) 387-10-11

Сейсмикалық жаттығу шеңберінде колледж қызметкерлеріне түсіндіру жұмыстары

21.02.2024 ж. Алматы қ. ҚДСБ ШЖҚ «Жоғары медициналық колледжі» КМК ағымдағы жылдың 23 ақпанында өткізілетін жоспарлы жалпықалалық Сейсмикалық жаттығу шеңберінде колледж қызметкерлеріне түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Колледждің әкімшілік-басқару персоналы қатысқан жиналысты АҚ және ТЖ маманы С.Ж. Каменов өткізді.

Жер сілкінісі кезіндегі іс-қимылдың 10 қарапайым ережесі:

  1. Сабырлы болыңыз, үрейленбеңіз.
  2. Сілкініс кезінде лифт пен баспалдақты пайдаланбаңыз.
  3. Жиһаздан, терезелерден, люстрадан алыстаңыз.
  4. Сенімді, берік баспана табыңыз: егер сіз жоғарғы қабаттарда болсаңыз, күрделі, жүк көтергіш қабырғалардың бұрышынан орын алыңыз.
  5. Бөлмеден шығыңыз (көп қабатты үйлерде – сілкініс тоқтатқаннан кейін).
  6. Суды, газды, электр қуатын өшіріңіз.
  7. Алдын ала дайындалған дабыл чемоданын алыңыз.
  8. Электр желілерінен, ғимараттардан, ағаштардан аулақ болыңыз.
  9. Қайта сілкініске дайын болыңыз.
  10. Балаларға, қарттарға, мүмкіндігі шектеулі жандарға көмек көрсетіңіз.