kkru
info@vmkalmaty.kz +7 (727) 387-10-11

Жер сілкінісі кезінде персоналдың іс-қимыл алгоритмі

25.01.2024 ж. Алматы қ. ҚДСБ ШЖҚ «Жоғары медициналық колледжі» КМК-да жер сілкінісі кезінде персоналдың іс-қимыл алгоритмі мәселелері бойынша кездесу өткізілді.

Колледждің әкімшілік-басқару персоналы қатысқан жиналысты АҚ және ТЖ маманы С.Ж. Каменов өткізді.

Мәлімет үшін. Колледжде студенттермен тұрақты негізде практикалық жаттығулар – сейсмикалық жаттығулар, селге қарсы жаттығулар, өртке қарсы жаттығулар өткізіледі.

Жер сілкінісі кезіндегі іс-қимылдың 10 қарапайым ережесі:

  1. Сабырлы болыңыз, үрейленбеңіз.
  2. Сілкініс кезінде лифт пен баспалдақты пайдаланбаңыз.
  3. Жиһаздан, терезелерден, люстрадан алыстаңыз.
  4. Сенімді, берік баспана табыңыз: егер сіз жоғарғы қабаттарда болсаңыз, күрделі, жүк көтергіш қабырғалардың бұрышынан орын алыңыз.
  5. Бөлмеден шығыңыз (көп қабатты үйлерде — сілкініс тоқтатқаннан кейін).
  6. Суды, газды, электр қуатын өшіріңіз.
  7. Алдын ала дайындалған дабыл чемоданын алыңыз.
  8. Электр желілерінен, ғимараттардан, ағаштардан аулақ болыңыз.
  9. Қайта сілкініске дайын болыңыз.
  10. Балаларға, қарттарға, мүмкіндігі шектеулі жандарға көмек көрсетіңіз.