kkruen
info@vmkalmaty.kz +7 (727) 387-10-11

«Білім беру үрдісінде инновациялық технологияларды қолдану» тақырыбында Педагогикалық оқулар

15.01.2024 жылы Алматы қ. ҚДСБ ШЖҚ «Жоғары медициналық колледжі» КМК педагогтардың инновациялық жұмыс тәжірибесін тарату мақсатында «Білім беру үрдісінде инновациялық технологияларды қолдану» тақырыбында Педагогикалық оқулар өтті.

Іс-шараның мақсаты: Педагогтар арасындағы шығармашылық кәсіби қарым-қатынас алаңын құру, тиімді инновациялық педагогикалық тәжірибемен алмасу, озық педагогикалық тәжірибені зерделеу және анықтау.

Педагогикалық оқуларда оқытушылар өз жұмыс тәжірибесінің көрсеткіші ретінде инновациялық жұмыс тәжірибесін, гуманитарлық, кәсіптік және арнайы пәндер бойынша оқыту әдістемесін дамытудың тенденциялары мен бағыттарын, материалдары мен білім алушылармен жүргізген іс-әрекетінің нәтижелерін көрсетті. Конференция баяндамаларды белсенді талқылау жағдайында өтті. Қатысушылар өзара тәжірибе алмасып, көптеген мәселелерді талқылады. Педагогикалық оқулардың жеңімпаздары қалалық Педагогикалық оқуларға қатысуға ұсынылады.