2023 жылғы 08 қарашада Алматы қ. ҚДБ ШЖҚ «Жоғары медициналық колледжі» КМК-да Алматы қаласы Медеу ауданының Полиция департаменті бастығының орынбасары полиция полковнигі Агафонова Ольга Валерьевна кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстың алдын алу мақсатында, білім алушылар арасында құқықтық сауаттылықты арттыру шеңберінде 1 курс студенттеріне арналған түсіндіру жұмысы жүргізілді.
Кездесу барысында студенттер полиция полковнигі Агафонова Ольга Валерьевнаға сұрақтар қоюға және сындарлы жауаптар алуға мүмкіндік алды. Бұл іс-шара құқықтық сауаттылықты нығайтуға, білім алушылардың жауапты және заңға бағынатын мінез-құлқын қалыптастыруға жәрдемдесуге арналған.