“Кәсіптік тәжірибе шеберлері” атты сайысы

13 маусымда Алматы қ. ҚДБ ШЖҚ “№ 30 Қалалық емхана” КМК (бұдан әрі – №30 ҚЕ) “Кәсіптік тәжірибе шеберлері” атты сайысы өтті, оған Алматы қ. ҚДБ ШЖҚ “Жоғары медициналық колледжі” КМК және “Республикалық жоғары медициналық колледжі” ЖШС студенттері қатысты.

Байқаудың мақсаты мен міндеті:

  • Медициналық колледж студенттерінің практикалық дағдыларды меңгеру дәрежесін анықтау;
  • Болашақ мейіргер ісі мамандарының іскерлік белсенділігін ынталандыру, кәсіпке қызығушылығын арттыру, кәсіби құзыреттілігін қалыптастыру.

Байқау келесі кезеңдерден тұрды: команданың таныстыруы, “Сұрақ – жауап” викторинасы, тәжірибеден алынған жағдай, флэшмоб.

Байқау қазылар алқасы:

  • №30 ҚЕ бас дәрігері – Хамидулла Асель Дулатовна;
  • №30 ҚЕ бас мейіргері – Садакбаева Гүлім Қуанышқызы;
  • №30 БП аға мейіргері – Рима Молдахметқызы.

Байқау қорытындысы бойынша біздің студенттер “Үздік студент-2023” атағын және мадақтамасын алды, біз оларды шын жүректен құттықтаймыз! Колледж басшылығы кәсіби сайысты ұйымдастырғаны және өткізгені үшін № 30 ҚЕ әкімшілігіне алғысын білдіреді.