kkruen
info@vmkalmaty.kz +7 (727) 387-10-11

Педиатрлар мен балалар хирургтарының ғылыми-практикалық конференциясы

2023 жылғы 9 маусымда Алматы қаласында Алматы қ. ДСБ ШЖҚ «№ 2 Балалар Қалалық клиникалық ауруханасы» КМК 60 жылдығына арналған педиатрлар мен балалар хирургтарының ғылыми-практикалық конференциясы өтті. Алматы қ. ШЖҚ «Жоғары медициналық колледж» КМК оқытушылары «Мейіргер ісі» секциясына белсенді қатысты.

Конференцияның негізгі мақсаты денсаулық сақтау қызметкерлері мен педагогтар арасында кәсіби қарым-қатынас үшін алаң құру, сондай-ақ мамандардың кәсіби құзыреттіліктерінің сапасын арттыруға бағытталған практикалық оқытудың рөлін нығайту болды.

Іс-шараға 100-ден астам қатысушы, оның ішінде медициналық ұйымдардың мейіргер қызметінің басшылары мен мамандары, сондай-ақ Алматы қ. білім беру мекемелерінің өкілдері қатысты.

«Мейіргер ісі» секциясының отырысы барысында мейіргер ісіндегі дәлелді практика, мейіргер ісіндегі және мейіргер зерттеулеріндегі көшбасшылық, ғылыми-зерттеу жобаларын әзірлеудегі ынтымақтастықты нығайту мәселелері талқыланды.

Талқылау қорытындысы бойынша конференцияға қатысушылар келесі шешімдерді қабылдады:

  • мейіргерлердің жаңа құзыреттеріне сәйкес денсаулық сақтау ұйымдарының құрылымдарын реформалауға белсенді қатысу;
  • ғылыми негізделген практика құру және мейіргерлердің денсаулық сақтаудағы тәуелсіз рөлін дамытуды қолдау;
  • мейіргер ісі бойынша ұлттық клиникалық нұсқаулықтарды әзірлеуде және практикаға енгізуде ынтымақтасу.