08.05.2023 ж. Студенттер мен магистранттар арасында «Бөбек» Жалпыұлттық қозғалысы» Қауымдастығы ұйымдастырумен «2023 жылғы ТМД үздік жас ғалымы» халықаралық байқауы өтті.
Байқауға ТМД-ның 100 үздік жас ғалымдары қатысты. Аталған байқауға Алматы қ. ҚДБ ШЖҚ «Жоғары медициналық колледжі» КМК «MI 22-8» тобының студенті Мадиева Дайяна Асетовна қатысып II дәрежелі дипломмен, төсбелгімен марапатталды және ғылыми жұмысы «2023 жылғы Үздік жас ғалымы» кітабына енгізілді.
Колледж әкімшілігі Мадиева Дайяна мен оның ғылыми жетекшісі химия пәнінің мұғалімі Маханова Анар Тургановнаны олардың жұмысын жоғары бағалауымен құттықтайды! Біз барлық студенттерді колледждің ғылыми өмірінде белсенді болуға шақырамыз!