kkru
info@vmkalmaty.kz +7 (727) 387-10-11

«Тілдарын» атты колледжішілік студенттер олимпиадасы

Ана тілін қастерлеуге баули отырып, өзге тілді білуге, үйренуге деген қызығушылығын арттыру, өзге тілді білетін еліміздің білімді де, жан-жақты патриот азаматын тәрбиелеу мақсатында 2023 ж. 18-20 сәуір аралығында Алматы қ. ШЖҚ «Жоғары медициналық колледжі» КМК 1-курс студенттері арасында «Тілдарын» атты колледжішілік студенттер олимпиадасы өткізілді.

Олимпиада 3 кезеңде өтті:
• 1 кезең іріктеу кезеңі- тест тапсырмалары бойынша 23 студент қатысты;
• 2 кезеңге 8 студент өтті. 2-кезеңде студенттер үш тілде презентация әзірлеп, қорғады.
• 3 кезеңінде «Қандай мамандыққты болашақтың мамандығы деп таңдар едіңіз?» тақырыбында эссе жазды.

3 кезең қорытындысы бойынша:
– 1-орынды «ЕІ» 22 топ студенті Қасен Рамазан;
– 2-орынды 22-9 «МІ» топ студенті Абылқасым Дина;
– 3-орынды 22-6 «МІ» топ студенті Төлендіқызы Айару иеленді.
– «Үздік эссе» номинациясы бойынша 22-3 «МІ» Аманкулова Лаура;
– «Полиглот» номинациясы – 22-8 «МІ» топ студенті Мадиева Дайяна;
– «Үздік презентация» номинациясы – 22-3 «МІ» топ студенті Касымова Анель;
– «Көрермен көзайымы» номинациясы – 22-11 «МІ» топ студенті Абсаттар Нурасыл марапатталды.