kkru
info@vmkalmaty.kz +7 (727) 387-10-11

Шетелдік профессоры Джон Дже Гын мырзаның “Салауатты өмір үшін салауатты ойлау” тақырыбында дәрісі

29.03.2023 ж. Алматы қ. ҚДБ ШЖҚ “Жоғары медициналық колледжі” КМК студенттері үшін халықаралық интеллектті дамыту орталығының (IMEI) шетелдік сарапшы – профессоры Джон Дже Гын мырзаның “Салауатты өмір үшін салауатты ойлау” тақырыбында дәрісі өтті.

Джон Дже Кын мырза өз дәрісінде Оңтүстік Корея экономикасының қалыптасу және даму тарихына қысқаша тоқталды. 1950 жылдары жер шарындағы ең кедей елдермен қатар тұрған бұл елде бүгінде машина жасау, құрал жасау, IT және басқа салаларда әлемге әйгілі брендтер бар.

Дәрістің басты мақстаты — жастарды ынталандыру. Ең серпінді әлеуметтік топ ретінде жастардың болашағы үшін маңызы зор. Оның өкілдері уақыт өте келе саясатта, экономикада және қоғамның мәдени өмірінде жетекші орын алады, шын мәнінде бүгінгі жастар жаңа қоғамды жасайды. Бұл әрбір мемлекеттің жастардың дамуы мен қалыптасуына дұрыс бағыт-бағдар беруге мүдделі екенін түсіндіреді.