kkru
info@vmkalmaty.kz +7 (727) 387-10-11

ҚР Сыбайлас Жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Алматы қ. бойынша департамент өкілі Әділбек Қ.С. қатысуымен семинар

2023 жылғы 28 ақпанда Алматы қ. ҚДБ ШЖҚ «Жоғары медициналық колледжі» КМК-да білімгерлері мен қызметкерлері арасында сыбайлас жемқорлық көріністерінің алдын алу және болдырмау мақсатында Қазақстан Республикасы Сыбайлас Жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Алматы қаласы бойынша департамент өкілі Әділбек Қанатбек Сәрсенбайұлының қатысуымен семинар өтті.

Кездесу барысында қатысушылар, қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы сананы қалыптастыруға оқытушылар мен студенттердің қатысуының маңыздылығы атап өтілді. Сыбайлас жемқорлықты жоюдың маңызды факторы жастарға сыбайлас жемқорлыққа қарсы білім мен тәрбие беру, қоғамда сыбайлас жемқорлықтың кез келген көріністеріне мүлдем төзбеушілікті қалыптастыру, сондай-ақ халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру екені айтылды.