Алматы қ. ҚДБ ШЖҚ «Жоғары медициналық колледжі» КМК (бұдан әрі-Колледж) Алматы қ. медицина қызметкерінің біліктілігін арттыру бағдарламасын қолдауда ризашылығын білдіреді және төмендегіні хабарлайды:
2022 жылы Алматы қаласының Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы КММ мен Алматы қаласының ҚДБ ШЖҚ «Жоғары медициналық колледжі» КМК арасында 003-015-159 «Алматы қаласының Денсаулық сақтау мамандарының дағдыларын арттыру және қайта даярлау қызметтері» бойынша 31.01.2022 ж. мемлекеттік сатып алу туралы №220004 шарт жасалды.
2022 жылы колледж осы Шарт шеңберінде барлығы — 3 461 маман оқудан өтті, оның ішінде: дәрігерлер — 1221, орта медицина қызметкерлері — 2119, өзге де мамандар (колледж оқытушылары, әлеуметтік қызметкерлер, психологтар, кадрлар бөлімінің инспекторлары) – 121.